ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Еурокубок матчтары: Қазақстан Еуропада үздіктер қатарына енді

Қазақстандық клубтардың 2026/27 маусымындағы еурокубок іріктеу кезеңдері аясындағы алты үй матчына 93 190 көрермен келді. 

Еурокубок матчтары: Қазақстан Еуропада үздіктер қатарына енді
NUR.KZ

Қазақстандық клубтар 2026/27 маусымындағы еурокубок іріктеу кезеңдерінің үй матчтарына көрермен жинау көрсеткіші бойынша Еуропадағы үздік елдердің қатарына кірді.

Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының іріктеу ойындары қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы рейтингте 15-орынға жайғасты.

93 мыңнан астам жанкүйер

football.meets.data Instagram-парақшасы жасаған рейтингте үш еурокубок турнирінің іріктеу кезеңдеріндегі клубтардың барлық үй матчтарына келген көрермен саны есепке алынған.

Қазақстан өкілдері өз алаңында алты кездесу өткізіп, бұл ойындарға жалпы 93 190 көрермен жиналған.

Стадиондардың орташа толу көрсеткіші 68,3 пайыз. Осы нәтиже Қазақстанға рейтингтің 15-сатысына көтерілуге мүмкіндік берді.

Қазақстан көптеген елді артта қалдырды

Рейтинг көшін Түркия бастады. Бұл елдегі еурокубок іріктеу матчтарына жалпы 253 686 жанкүйер келген.

Екінші орында Шотландия – 238 471 көрермен, ал үздік үштікті Польша 223 733 жанкүйермен түйіндеді.

Қазақстанның алдында Словакия тұр. 14-орынға жайғасқан елдің клубтары өткізген матчтарға 94 059 көрермен жиналған. Осылайша Қазақстан Словакиядан небәрі 869 көрерменге қалып қойды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.