ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

Алматылықтар үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Болгарияның "Левски" командасына 0:1 есебімен жол берді.

"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады
sportilinet.kz

Жылдам соғылған гол

"Қайрат" футболшылары позициялық шабуыл ұйымдастырып, допты ұзақ бақылауда ұстағанымен қарсылас қақпасына нақты қауіп төндіретін сәттер көп болған жоқ. Ал "Левски" қорғаныста жинақы ойнап, қарымта шабуылдарға басымдық берді. Болгариялық клубтың бұл тактикасы 13-минутта нәтиже берді. Рейналдо алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. 

Үзілістен кейін Рафаэль Оразбахтинның шәкірттері шабуылдағы белсенділігін арттырып, қарсыласты өз айып алаңына жақын жерде қарсы алуға тырысты.

Соған қарамастан қонақтар бірнеше рет есепті еселеуге жақын болды. Рейналдоның соққысынан кейін доп маңдайшаға тисе, Сержиньюдің әрекетінен соң бағана алматылықтарды голдан құтқарып қалды.

Қалған уақытта "Қайрат" есепті теңестіре алмады. Екі матчтың қорытындысында болгариялықтар 2:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.

"Қайрат" енді кіммен ойнайды?

Чемпиондар лигасынан шығып қалғанына қарамастан алматылық клубтың еурокубоктағы маусымы аяқталған жоқ.

Енді "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді. Қазақстан чемпионының келесі қарсыласы Бельгияның "Андерлехт" және Грекияның ПАОК клубтары арасындағы жұптың жеңімпазы болады.

Бұл командалардың алғашқы кездесуінде "Андерлехт" сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Егер "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде де жеңіліп қалса, команда еурокубок маусымын Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?