ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Темірлан Анарбеков "Левскиге" қарсы ойында ең төмен баға алды

Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Левскиге" қарсы қарымта кездесуде ойыншылар арасында ең төмен бағаға ие болды.

Темірлан Анарбеков "Левскиге" қарсы ойында ең төмен баға алды
instagram/@f.c.kairat

Оксанен – "Қайраттың" үздік ойыншысы

Статистикалық Flashscore.com порталдың бағалауынша, алматылық клуб сапында ең жоғары көрсеткішті жартылай қорғаушы Яакко Оксанен тіркеді. Финляндиялық футболшының ойыны 7,6 балға бағаланды.

Ал қақпашы Темірлан Анарбеков 6,0 балл алып, "Қайрат" құрамындағы ең төмен көрсеткішке ие футболшы атанды.

"Қайрат" Чемпиондар лигасымен қоштасты

Еске салайық, Рафаэль Оразбахтинның шәкірттері "Левскиге" қарсы екі кездесуде де 0:1 есебімен жеңіліп, биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады.

Енді алматылық команда еурокубоктағы өнерін Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде жалғастырады.

"Қайраттың" келесі қарсыласы Бельгияның "Андерлехт" клубы мен Грекияның ПАОК арасындағы жұптың жеңімпазы болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?