Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина US Open-2026 алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

Елена Рыбакина жекелей сындағы алғашқы кездесуін 1 қыркүйекте өткізеді.

Елена Рыбакина US Open-2026 алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады
Offside.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің басталуына санаулы уақыт қалғанда әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады.

WTA рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Нью-Йорктегі Артур Эш орталық кортында америкалық Коко Гауффпен бірге ашық жаттығу өткізді.

Қос теннисші бірлескен жаттығу барысында бір сет өткізді. Жаттығу матчы 6:1 есебімен Коко Гауффтың пайдасына аяқталды.

Рыбакина осы сәттен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа жазба жариялады.

"Сәлем, Флашинг-Медоус", – деп жазды қазақстандық спортшы.

Флашинг-Медоус деген не?

Флашинг-Медоус – Нью-Йорктің Куинс ауданында орналасқан әйгілі саябақ. Дәл осы жерде Билли Джин Кинг атындағы Ұлттық теннис орталығы орналасқан. Жыл сайын US Open турнирінің негізгі матчтары осы кешеннің корттарында өтеді.

Айта кетейік, US Open-2026 турнирінің негізгі кезеңі жексенбі күні басталады. Елена Рыбакина жекелей сындағы алғашқы кездесуін 1 қыркүйекте өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Теа Фродин. Қазіргі уақытта Фродин WTA рейтингінде 580-орында тұр.

Жарнама
Жарнама