ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Елена Рыбакина жарақатына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алдағы US Open турниріне қатысу мүмкіндігіне әсер еткен жарақаты туралы пікір білдірді.

Елена Рыбакина жарақатына қатысты мәлімдеме жасады
instagram/lenarybakina

Әлемнің екінші ракеткасы Нью-Йоркке келіп, турнирге дайындықты бастады. Қазір қазақстандық спортшы Цинциннатиде алған сол жақ тобық жарақатынан кейін қалпына келуде. Теннисші журналистерге берген қысқа сұхбатында чемпионатта ойнау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

"Өткен турнирде жарақат алып қалдым. Қазір қалпыма келу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Әзірге бәрі жақсы. Өкінішке қарай, әлі кортқа шыққан жоқпын. Алдағы бірнеше күнде шығып көруге тырысамыз. Алғашқы матчқа дейін өзімді жақсы сезінемін деп үміттенемін.

Жалпы, менде он күн уақыт болды. Дайындалуға әлі бірнеше күн бар. Барлығы матчтың қашан өтетініне байланысты. Біз асыққымыз келмейді. Мен өзімнің 100 % дайын екеніме көз жеткізгім келеді", — деді Рыбакина Мэттью Несчисуға берген сұхбатында.

Рыбакина микст турниріне қатыспайды

Жарақат қазақстандық теннисшінің US Open алдындағы жоспарына әсер етіп үлгерді. Теннисші жақында аралас жұптық сайысқа қатысудан ресми бас тартты. Ол микст жарысында америкалық Тейлор Фритцпен бірге өнер көрсетуі керек болған.

Еске салсақ, Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалында тобығының ауырсынуына байланысты Ига Швентекке қарсы кездесуді жалғастыра алмай, ойыннан бас тартқан. Кейін теннисші жарақатына байланысты қатты ауырсыну сезінгенін, тіпті жүрудің өзі қиын болғанын айтқан.

US Open чемпионатының негізгі кезеңі 30 тамызда басталып, 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Биылғы турнирдің жүлде қоры 108 миллион долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.