ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

US Open-2026: Қазақстандық теннисшілер алғашқы қарсыластарын білді

Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко алғашқы айналымдағы қарсыластарын білді.

US Open-2026: Қазақстандық теннисшілер алғашқы қарсыластарын білді
NUR.KZ

Нью-Йоркте өтетін "Үлкен дулыға" санатындағы US Open-2026 турнирінің әйелдер және ерлер арасындағы жекелей сыны бойынша жеребе тарту рәсімі аяқталды. Нәтижесінде Қазақстанның төрт өкілі алғашқы айналымдағы қарсыластарын білді.

Рыбакина америкалық теннисшімен кездеседі

Әйелдер арасындағы әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирді АҚШ өкілі Теа Фродинге қарсы бастайды.

Фродин қазіргі уақытта WTA рейтингінде 580-орында тұр.

Ал Юлия Путинцева алғашқы кездесуінде швейцариялық Белинда Бенчичпен ойнайды. Бенчич турнирдің 12-ракеткасы ретінде тіркелген. Сондай-ақ ол Олимпиада чемпионы мәртебесіне ие.

Бублик жарыс қожайынымен ойнайды

Ерлер арасындағы сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик америкалық Джей Джей Вольфпен кездеседі.

АҚШ өкілі ATP рейтингінде 248-орында тұр.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Александр Шевченко алғашқы айналымда хорватиялық Дино Прижмичпен шеберлік байқасады.

Прижмич қазіргі уақытта ATP рейтингінде 101-орында орналасқан.

US Open қашан өтеді?

АҚШ ашық чемпионаты 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді.

Әйелдер арасындағы жекелей сында өткен жылғы чемпион Арина Соболенко өз атағын қорғауға тырысады.

Ал ерлер арасында бас жүлденің қазіргі иегері Карлос Алькарас чемпиондық мәртебесін сақтап қалуға талпынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.