Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық теннисші US Open турнирінің бірінші айналымында америкалық Джеффри Джон Вульфпен кездесіп, 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды.
Бубликтің келесі қарсыласы аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте (ATP №42) мен француз Адриан Маннарино (ATP №67) арасындағы матчтан кейін анықталады.
Биыл ашық чемпионаттың жекелей сындағы жеңімпазы 5,5 миллион доллар және 2000 рейтингтік ұпай иеленеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.