Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" ҚПЛ-дағы ең нәтижелі ойыншысынан айырылды

Шымкенттік команда мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыса алмайды.

"Ордабасы" ҚПЛ-дағы ең нәтижелі ойыншысынан айырылды
astanov.e10

"Оқжетпеске" қарсы ойында жарақат алды

Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, 26 жастағы футболшы Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында "Оқжетпеспен" кездесуде тобық буынының байламдарын зақымдаған.

Астанов негізгі құрамда алаңға шыққанымен жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Ол кездесудің 26-минутында ауыстырылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, жартылай қорғаушының қалпына келуіне кемінде екі апта қажет. Осылайша Эльхан Астанов "Ордабасының" қыркүйек айында өтетін қалған матчтарын өткізіп алады.

Астанов — "гол+пас" жүйесінің көшбасшысы

Эльхан Астанов 2026 жылғы маусымда "Ордабасы" сапында барлық турнирде 27 матч өткізді. Алаңда жалпы 1918 минут ойнап, сегіз гол соқты және он нәтижелі пас берді.

Қазақстандық футболшы 18 ұпаймен ҚПЛ-2026 маусымындағы "гол+пас" көрсеткіші бойынша ең нәтижелі ойыншы саналады.

Бұл тізімде Астановның ең жақын қарсыласы — "Астананың" 39 жастағы хорватиялық ардагер Марин Томасов. Оның еншісінде 13 нәтижелі ұпай бар.

Жарнама
Жарнама