Жарнама
Жарнама

"Қайрат" "Жеңісті" ойсырата ұтып, ҚПЛ көшбасшысы атанды

Алматылық "Қайрат" ФК Қазақстан Премьер-лигасындағы қатарынан оныншы жеңісіне жетті.

"Қайрат" "Жеңісті" ойсырата ұтып, ҚПЛ көшбасшысы атанды
Instagram/@jenisfk.kz

Алаң иелері алғашқы минуттардан бастап бастаманы өз қолына алды. Бірінші таймда Эдмилсон Сантос айып алаңының ортасынан баспен дәл соққы жасап, "Қайратты" алға шығарды.

Үзілістен кейін алматылықтар басымдығын арттыра түсті. Марк Гуаль қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Кездесудің қорытынды есебін Луиш Мата белгіледі — 3:0.

Осы жеңістен кейін "Қайрат" 57 ұпай жинады. Алматылық команда "Ордабасыдан" екі ұпайға озып, ҚПЛ турнир кестесінің көшін бастады.

"Жеңіс" 29 ұпаймен тоғызыншы орында қалды. Ал "Қайрат" чемпионаттағы жеңісті сериясын он матчқа дейін жеткізді.

Жарнама
Жарнама