Варди Дастан Сәтпаевтың "Бернлиіне" алғашқы уәдесін берді

Жарнама
Жарнама

Ағылшындық танымал шабуылшы Джейми Варди "Бернли" сапына қосылғаннан кейін клубтық телеарнаға алғашқы сұхбатын беріп, жаңа команда үшін бар күшін салуға уәде етті.

Варди Дастан Сәтпаевтың "Бернлиіне" алғашқы уәдесін берді
instagram.com/burnleyofficial/

39 жастағы форвард еркін агент ретінде ауысқан.

Джейми Варди клубқа Зиан Флеммингтің "Ипсвичке" ауысуынан кейін қосылды. Ағылшындық шабуылшы Италия чемпионатынан қалған дисквалификациясына байланысты "Рексхемге" қарсы кубоктық матчқа қатыса алмады. Енді Чемпионшипте дебют жасауға дайындалып жатыр.

"Бернли" 12 қыркүйекте сырт алаңда "Суонси Ситимен" кездеседі. Команданың бас бапкері Ники Хайен Варди толыққанды маусым алдындағы дайындықтан өтпегендіктен, оны бірден негізгі құрамға шығаруға асықпайтынын айтты.

Варди жаңа клубтағы алғашқы ресми сұхбатында "Суонсиге" қарсы матчты асыға күтіп жүргенін жеткізді.

"Бәрі бас бапкердің шешіміне байланысты. Қандай тапсырма берілсе де, оны орындауға толық дайынмын. Алаңға шыққан сайын бар күшімді саламын. Тіпті ол үшін кірпіш қабырғаға жүгіріп соғылу қажет болса да, 100 пайызымды беремін", – деді Варди.

Варди әлі де жеңіске аш

39 жастағы футболшы жасына қарамастан футболға деген құлшынысы әлі де жоғары екенін атап өтті. Оның сөзінше, ағзасы тоқтау қажет екенін сездірген сәтте мансабын аяқтауға дайын. Бірақ қазір өзін жақсы жағдайда сезініп отыр.

"Мен күресті жақсы көремін. Футбол ойнау – менің сүйікті ісім. Әрдайым айтатыным: аяқтарым "жеткілікті" деген белгі берсе, бірден тоқтаймын. Бірақ қазір өзімді жақсы формада ұстап жүрмін, сондықтан команда жеңісі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", – деді ағылшындық форвард.

Айта кетейік, "Бернли" сапында Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев та өнер көрсетеді. Қазақстандық футболшы ағылшындық клубта Лондонның "Челсиінен" жалға алу келісімі бойынша ойнап жүр.

Жарнама
Жарнама