"Ақтөбе" сырт алаңда үш ұпайға иелік етті

Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында "Ақтөбе" Ақтауда жергілікті "Каспийді" 2:1 есебімен тізе бүктірді.

"Ақтөбе" сырт алаңда үш ұпайға иелік етті
Instagram/@fcaktobe_official

Соса есеп ашты

Кездесу алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Бірінші таймда "Ақтөбе" есеп ашуға мүмкіндік алды. Артур Шушеначев пенальтиді дәл орындай алмағанымен Даниэль Соса қайтқан допты қақпаға бағыттап, қонақтарды алға шығарды.

Үзілістен кейін де ақтөбелік команда қарқынын бәсеңдетпеді.72-минутта Шеий Оджо есепті еселеді. Ал алаң қожайындары тек 87-минутта бір голмен жауап қайтарды. Нәтижелі соққымен Бернардо Моргадо ерекшеленді.

"Ақтөбе" турнир кестесінде бесінші орында

Осы жеңістен кейін "Ақтөбе" 41 ұпай жинады. Команда Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бесінші орында тұр.

Ал 26 ұпай жинаған "Каспий" оныншы сатыда қалды.

Жарнама
Жарнама