Танымал блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есекке теңеді

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Әділ Тасболатов футболдан ұлттық құраманың Магомед Адиев тұсында сәтті өнер көрсетуіне не себеп болғанын айтты. 

Танымал блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есекке теңеді
Instagram/@kff_team

Тасболатов ерекше теңеу қолданды

Блогер ресейлік маманның Қазақстан құрамасына қандай тәсіл арқылы әсер еткенін талқылай келе, сол кезеңде бірнеше фактордың бір-бірімен сәйкес келгенін атап өтті. Оның пікірінше, Адиевтың нәтижесіне футболшылардың мықты буыны мен сәтті жағдайлар ықпал еткен, деп жазады ASnews.kz.

"Қанша жерден ынталандырсаң да, есек бәрібір ат болмайды. Адиев құрамда көп жұмыс атқарды. Ол кезде ұлттық құрамада өте мықты ойыншылар болды әрі бәрі сәтімен сәйкес келді. Қазақстан құрамасының футболшылары, әлем немесе Еуропа чемпионатына шығыңыздаршы", – деді Тасболатов.

Адиевтың Қазақстан құрамасындағы нәтижесі

Магомед Адиев ұлттық құраманы 2022–2024 жылдары жаттықтырды. Бұл кезең Қазақстан футболы тарихындағы ең табысты уақыттың бірі саналады.

Ресейлік маманның басшылығымен команда:

  • 21 кездесудің 11-інде жеңіске жетті;
  • Ұлттар лигасының В дивизионына көтерілді;
  • Еуро-2024 іріктеу кезеңінде рекордтық 18 ұпай жинады;
  • Данияны 3:2 есебімен жеңді;
  • Финляндияны сырт алаңда 2:1 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасының алдағы матчтары

Қазір ұлттық команданың бас бапкері қызметін нидерландтық Джон ван ’т Схип атқарады. Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Ұлттар лигасының С дивизионындағы жаңа маусымын Фарер аралдарына қарсы матчпен бастайды.

Сонымен қатар Словакия және Молдова құрамаларымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама