Қазақстан UEFA Суперкубогын қабылдайды

Жарнама
Жарнама

Бұл туралы UEFA Атқарушы комитетінің Салоникиде өткен отырысында белгілі болды.

Қазақстан UEFA Суперкубогын қабылдайды
kff.kz

Қазақстан 2028 жылы футболдан UEFA Суперкубогы матчын алғаш рет қабылдайды. Бұл туралы UEFA Атқарушы комитетінің Салоникиде өткен отырысында белгілі болды.

Матч "Астана Аренада" өтеді

2028 жылғы UEFA Суперкубогында 2027/28 маусымындағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасының чемпионы кездеседі.

Ойын Астанадағы "Астана Арена" стадионында ұйымдастырылады.

Ал 2027 жылғы UEFA Суперкубогы Амстердамдағы "Йохан Кройф Аренада" өтеді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан үшін ерекше оқиға болмақ. Еліміз алғаш рет еуропалық клубтық турнирдің жүлдесі сарапқа салынатын ресми матчты қабылдайды. Осылайша, Астана Еуропаның екі ірі клубтық турнирінің жеңімпаздарын бір алаңда қарсы алмақ.

"Астана Арена" 2009 жылы ашылды. Стадионның сыйымдылығы шамамен 30,2 мың көрермен. Аренада "Астана" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасы үй матчтарын өткізеді.

Жарнама
Жарнама