Жарнама
Жарнама

УЕФА-дан қомақты қаржы түсті: әр команда қанша алды?

13 футбол клубы 2025/26 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА-дан бірнеше миллион ынтымақтастық төлемдерін алды.

УЕФА-дан қомақты қаржы түсті: әр команда қанша алды?
kff.kz

Қазақстандық футбол клубтарына 2025/26 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА-ның ынтымақтастық төлемдері аударылды. Жалпы бөлінген қаражат көлемі 7,754 миллион еуроны құрады.

Бұл қаражат клубтардың инфрақұрылымын қолдауға емес, ең алдымен балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және жас ойыншыларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталады.

Әр клуб 596 мың еуродан алды

УЕФА талаптарына сәйкес келетін 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының клубтары арасында ынтымақтастық төлемдері тең бөлінді.

Нәтижесінде әр клубқа 596 461 еуродан аударылды.

Қаржылай қолдау алған командалар:

  • "Астана", 
  • "Тобыл", 
  • "Елімай", 
  • "Ақтөбе", 
  • "Жеңіс", 
  • "Ордабасы", 
  • "Оқжетпес", 
  • "Қызылжар", 
  • "Ұлытау", 
  • "Қайсар", 
  • "Жетісу", 
  • "Атырау", 
  • "Тұран".

Жалпы алғанда, УЕФА төлеміне Қазақстанның 13 клубы ие болды.

"Қайрат" бұл тізімде неге жоқ?

Алматылық "Қайрат" клубы ынтымақтастық төлемдерін алған командалардың қатарына енген жоқ.

Оған себеп – клубтың 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысуы.

"Қайрат" еурокубоктың негізгі кезеңіне шыққаны үшін УЕФА тарапынан бөлек жүлделік және қатысу бонустарын алған.

Жарнама
Жарнама