Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азиаданың алғашқы жүлдесін еншіледі

Начын Куулар Қазақстанға Азиада-2026 додасындағы еркін күрестен алғашқы медальді әкелді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азиаданың алғашқы жүлдесін еншіледі
nur.kz

Жеңіліп жатып, белдесу тағдырын өзгертті

Ол 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің қола жүлдесі үшін солтүстіккореялық Хван Чжин Кимді 7:5 есебімен жеңді. Куулардың қарсыласы – 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2025 жылғы Азия чемпионатының финалисі.

Белдесу барысында қазақ балуаны 2:5 есебімен ұтылып жатты. Бірақ кездесу барысын өзгертіп, қатарынан бес ұпай еншіледі. Қорытынды есеп – 7:5, жеңіс Куулардың еншісінде. Осылайша Начын өзі қатысқан алғашқы Азия ойындарында үздік үштікке кірді.

Еркін күрестегі алғашқы жүлде

Таңғы сессияда Куулар екі белдесу өткізіп, біреуінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жеткен еді. Қола үшін кездесуде мүмкіндігін сәтті пайдаланып, Қазақстан ерлер құрамасының осы Азиададағы еркін күрестен алғашқы жүлдесін иеленді.

Начын Куулар 1995 жылы 9 маусымда Ресейдің Тыва Республикасындағы Қызыл қаласында дүниеге келген. 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Шымкент атынан өнер көрсетеді.

Бұған дейін Ресей құрамасында күрескен балуанның негізгі жетістіктері:

  • 2015 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы;
  • 2016, 2017 және 2018 жылдардағы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы;
  • 2017 жылғы U23 әлем чемпионы;
  • 2018 жылғы U23 Еуропа чемпионы;
  • 2019 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Сонымен қатар ол Иван Ярыгин кубогының бірнеше дүркін жүлдегері және 2021 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының финалисі атанған.

Қазақстан атынан 2026 жылы Будапешттегі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алған Куулар енді жетістіктерін Азия ойындарының жүлдесімен толықтырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?