Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық таеквондошы Азиада додасында тарихи алтын жеңіп алды

Темірлан Тілеулес Қазақстанға ерлер таеквондосынан Азиада тарихындағы алғашқы алтын медаль әкелді. 

Қазақстандық таеквондошы Азиада додасында тарихи алтын жеңіп алды
instagram.com/qaz.tkd/

Финалда қарсыласына мүмкіндік бермеді

Айти және Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Шешуші кездесуде отандасымыз филиппиндік Браян Барбосадан екі раундта да басым түсті. 2:0 есебімен аяқталған жеңіс Темірланға чемпион атағын алып келді.

Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы ерлер таеквондосынан тұңғыш алтыны.

Тілеулестің чемпиондық жолы

Темірлан турнир барысында мына қарсыластарын жеңді:

  • 1/16 финал: Нибрас Аль Туки (Оман) – 2:0;
  • 1/8 финал: Аболфазл Зандиагхури (Иран) – 2:0;
  • Жартылай финал: Хан Сик Ан (Оңтүстік Корея) – 2:1;
  • Финал: Браян Барбоса (Филиппин) – 2:0.

Қазақстан таеквондо федерациясы бұған дейін Азия ойындарының жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшерін жариялаған.

Алтын медаль жеңіп алған Темірлан Тілеулеске федерация тарапынан 250 мың доллар, ал оның жеке бапкеріне 100 мың доллар төленеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?