ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Қазақстан құрамасы Сербияда УЕФА турниріне қатысады

Жарыс 13-19 қыркүйек аралығында Стара-Пазова қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасы Сербияда УЕФА турниріне қатысады
kff.kz

Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Сербияда өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды. Жарыс 13-19 қыркүйек аралығында Стара-Пазова қаласында өтеді.

Турнирге Қазақстаннан бөлек Сербия, Түркия және Ресейдің U-15 құрамалары қатысады.

Қазақстан құрамасының қарсыластары

Ануар Жағыппар жаттықтыратын Қазақстан U-15 құрамасы алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді.

16 қыркүйекте қазақстандық жасөспірімдер жарыс қожайыны Сербиямен кездеседі.

Ал 19 қыркүйекте Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы ойынын Ресейге қарсы өткізеді.

Қазақстан U-15 құрамасының тізімі

  • Қақпашылар: Кирилл Писарев ("Оқжетпес"), Даниил Маракшин ("Қайрат"), Артур Аникеев ("Родина", Ресей).
  • Қорғаушылар: Аслан Абдуғани, Нұрали Сағындық, Заңғар Әлпісбаев, Нұрасыл Айдос (барлығы — "Атлетико Қазақстан" академиясы), Мадияр Надир, Максим Тян (екеуі де — "Қайрат"), Емел Ибрагим ("Ордабасы"), Тимофей Афельченко ("Ертіс"), Ұлан Қорғанбай ("Жас Қыран").
  • Жартылай қорғаушылар: Мирон Ищенко, Расул Самаев, Ислам Алшынбаев, Арман Батырхан, Абрахим Амангалиев (барлығы — "Атлетико Қазақстан" академиясы), Диас Әбубәкір, Артем Тян (екеуі де — "Қайрат"), Ғабидулла Оразалы ("Валенсия", Испания), Әлижан Әміртаев ("Тобыл"), Мерали Әлібекұлы ("Ордабасы"), Арнұр Батырай ("Шахтер").
  • Шабуылшылар: Ахмет Туран Жошкун ("Атлетико Қазақстан" академиясы), Милан Надрышин ("Ақтөбе"), Абылай Тұрсын ("Қайрат").

Қазақстан U-15 құрамасының аға бапкері — Ануар Жағыппар.

Оның көмекшісі — Юрий Мархель. Дене дайындығына Жеңіс Арыстан, қақпашылар дайындығына Алексей Булучевский жауап береді.

Медициналық штаб құрамында Еркебұлан Нұралиев пен Нұрбол Абатаев бар. Команда менеджері — Абылайхан Құрбанәлі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.