ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

УЕФА Қазақстан футболына бөлінетін қаржыны арттырды

Қазақстандық футбол клубтары УЕФА-ның ынтымақтастық төлемдері бағдарламасы аясында бұрынғыдан көбірек қаржы алатын болады.

УЕФА Қазақстан футболына бөлінетін қаржыны арттырды
УЕФА

УЕФА төлемдерді көбейтті

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) еурокубоктардың негізгі кезеңдеріне қатыспайтын клубтарды қолдауға бағытталған ынтымақтастық төлемдерінің көлемін арттырды. Жаңа үш жылдық қаржылық циклде бұл бағдарламаға жыл сайын 308 млн еуро бөлінеді. Ал алдыңғы кезеңде аталған мақсатқа бір маусымда шамамен 175-176 млн еуро бағытталған.

УЕФА бұл қаражаттың еуропалық футболдағы спорттық тепе-теңдікті сақтауға және клубтардың ұйымдастырушылық деңгейін жақсартуға көмектесетінін атап өтті.

Қаржы Қазақстан клубтарына да бөлінеді

2002 жылдан УЕФА-ға мүше Қазақстан футбол федерациясы да осы бағдарлама бойынша қаржы алады. Қаражат Қазақстандағы талаптарға сай клубтарға ҚФФ арқылы бөлінеді.

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың нақты мақсаты бар. Атап айтқанда, қаражатты:

  • балалар мен жасөспірімдер академияларын дамытуға;
  • футбол инфрақұрылымын жетілдіруге;
  • жас ойыншыларды даярлау орталықтарын дамытуға бағыттауға болады.

Осылайша, УЕФА-ның жаңа қаржыландыру циклі еурокубоктардың негізгі кезеңіне шыға алмаған Қазақстан клубтарына қосымша қолдау беруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.