ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандағы топ-клубтың басшысы қызметінен кетті

Бұл туралы клубтың ресми әлеуметтік желідегі парақшасы хабарлады.

Қазақстандағы топ-клубтың басшысы қызметінен кетті
KazFootball.kz

Қазақстандық функционер Азамат Әселқан "Семей" футзал клубының бас директоры қызметінен кетті. Клуб мәліметінше, Азамат Әселқан "Семейге" 2024/25 маусымында қосылған. Осы уақыт аралығында ол клубтың басқару жүйесін қалыптастыруға және ішкі жұмыс процестерін реттеуге атсалысқан.

"Оның басшылығымен кәсіби басқару және операциялық құрылым қалыптастырылып, негізгі ішкі жұмыс процестері жолға қойылды және бүгінде клуб жұмысының негізі болып отырған стратегиялық даму бағыттары айқындалды.

Осы кезеңде "Семей" серіктестер қатарын айтарлықтай кеңейтіп, халықаралық демеушілерді тартты, коммерциялық бағытты күшейтті және Қазақстандағы футзал клубтары арасында алғашқы фан-шопты іске қосты", - делінген ресми хабарламада. 

"Семей" маусымды екі жүлдемен аяқтады

Өткен маусымда "Семей" Қазақстан футзал чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Тұрақты чемпионатта семейлік команда 44 матч өткізіп, 119 ұпай жинады. Оның ішінде 39 кездесуде жеңіске жетіп, екі рет тең түсіп, үш матчта жеңіліс тапты.

Осы нәтиженің арқасында "Семей" тұрақты маусымды бірінші орында аяқтап, алматылық "Қайраттан" 13 ұпайға озып кетті.

Алайда Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі финалдық серияда "Семей" басты қарсыласы "Қайратқа" жол беріп, ел біріншілігінің күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.