Юлия Путинцева Азиада медалін жеңіп алды
Путинцеваның бұл жүлдесі Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы теннистен алғашқы медалі болды.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасындағы жекелей сында жартылай финалға дейін жеткен қазақстандық спортшы Қытай өкілі Чжан Шуайға жол берді.
WTA рейтингінде 82-орында тұрған отандасымыз сол кездесуде қарсыласына екі сетте жеңіліп қалды. Қорытынды есеп – 4:6, 2:6.
Азия ойындарында үшінші орын үшін жеке кездесу қарастырылмағандықтан, жартылай финалда жеңілген теннисшілер автоматты түрде қола медаль иеленеді.
Қазақстанның теннистегі алғашқы медалі
Путинцеваның бұл жүлдесі Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы теннистен алғашқы медалі болды.
Екінші жартылай финалда Филиппин өкілі Александра Эала мен Қытай теннисшісі Ван Сиюй кездеседі.
Теннистен шешуші матчтар 3 қазанға жоспарланған.
Ал Жапониядағы 2026 жылғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.