Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA қорытынды турниріне қатыса алмайды
WTA баспасөз қызметінің мәліметінше, Анна Данилинаның серіктесі Александра Крунич тізесіндегі жарақатына байланысты жарыстан бас тартқан.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллсте өтетін WTA қорытынды турниріне қатыса алмайды.
WTA баспасөз қызметінің мәліметінше, Данилинаның серіктесі Александра Крунич тізесіндегі жарақатына байланысты жарыстан бас тартқан. Соның салдарынан қазақстандық теннисші де маусымның қорытынды турнирінде өнер көрсетпейді.
"Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Александра Крунич тізе жарақатына байланысты Индиан-Уэллстегі WTA қорытынды турнирінен шықты. Осыған байланысты Крунич пен оның жұптық сындағы серіктесі Анна Данилина маусымның соңғы турниріне қатыса алмайды", – делінген хабарламада.
Анна Данилина мен Александра Крунич 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысу құқығын 3 қыркүйекте қамтамасыз етті. Сол кезде жұп маусымдағы 14 бірлескен турнирден 5518 ұпай жинап, әлемнің үздік сегіз дуэтінің қатарына кірген еді.
Маусымдағы басты нәтижелері
Данилина мен Крунич биыл бірнеше ірі турнирде жоғары нәтиже көрсетті.
Олар Дохадағы WTA 1000 турнирінде чемпион атанып, сондай-ақ Australian Open, "Ролан Гаррос" және Индиан-Уэллс жарыстарында финалға дейін жетті.