Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азиада-2026: Бүгін Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай "алтынға" таласады

Финалдық жекпе-жектерді "Qazaqstan" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Азиада-2026: Бүгін Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай "алтынға" таласады
olympic.kz

Бүгін, 2 қазанда, Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының екі боксшысы финалдық жекпе-жек өткізеді.

Алтын медаль үшін Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай рингке шығады.

Төрехан Сабырханның финалы қашан?

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 10:00-де басталады.

Бұл қарсыластар биылғы Азия чемпионатының финалында да кездескен. Сол жолы Ишаиш Төрехан Сабырханды жеңіп, құрлық чемпионы атанған еді.

Зеяд Ишаиш – 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2026 жылғы Азия чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Айбек Оралбай Өзбекстан боксшысымен жұдырықтасады

+90 келі салмақ дәрежесінің финалында Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады. Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады.

Зокиров – 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сол турнирдің финалында ол дәл Айбек Оралбайдан жеңілген еді. Сонымен қатар өзбекстандық боксшы 2024 жылғы Азия чемпионы және 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың финалдық жекпе-жектерін "Qazaqstan" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?