Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұржан Батырбеков Азиада "алтынына" таласады

Нұржан Батырбеков бұған дейін 2023 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған болатын. 

Нұржан Батырбеков Азиада "алтынына" таласады
olympic.kz

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Нұржан Батырбеков жартылай финалда Сингапур өкілі Ноа Тиан Ран Лиммен кездесті. Жекпе-жек 4:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Осылайша, Батырбеков Азия ойындарының финалына жолдама алды.

2023 жылғы жетістігін қайталауы мүмкін

Нұржан Батырбеков бұған дейін 2023 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған. 

Енді ол Жапониядағы додада да алтын медаль үшін белдесіп, қатарынан екінші Азия ойындарында жеңіске жетуге мүмкіндік алып отыр.

Оның финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?