Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Екатерина Таранцева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Ол әйелдер арасындағы бір кісілік байдарка жарысының финалында үздік үштікке енді.

Екатерина Таранцева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстандық спортшы Екатерина Таранцева Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ескек есу слаломынан қола жүлдеге ие болды.

Ол әйелдер арасындағы бір кісілік байдарка жарысының финалында үздік үштікке енді. Қазақстандық спортшы қашықтықты 112,23 секундта еңсерді.

Алтын медаль Жапония өкілі Ито Кға бұйырды. Оның нәтижесі – 107,60 секунд.

Ал күміс жүлдені Қытай спортшысы Чэнь Линь иеленді. Ол мәреге 111,70 секундта жетті.

Осылайша, Екатерина Таранцева Қазақстан қоржынына Азия ойындарының тағы бір қола медалін қосты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 58 медаль бар. Оның тоғызы "алтын", 16-сы "күміс" және 33-і қола медаль. Әзірге еліміз жалпы есепте тоғызыншы орында келеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?