Эсмигүл Құйылова өзбекстандық қарсыласын жеңіп, Азиада медалін иеленді
Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Құйылова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль иеленді.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Куюлова үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық Маржона Нуруллоевамен кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталғаннан кейін дзюдошылар белдесуді жалғастырды. Қосымша уақытта Құйылова "вазари" ұпайын еншіледі. Осылайша, қазақстандық дзюдошы жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Эсмигүл Құйылова бұған дейін 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль алған еді. Қытайдағы додада қазақстандық дзюдошы өзбекстандық татами шебері Севинч Исокованы жеңген. Куюлованың қоржынында аталған медальдан бөлек Азия чемпионаттарының үш қола жүлдесі бар.
Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан Алмат Әділет (81 кг) пен Асхат Ажар (70 кг) алтын медаль үшін финалда белдеседі.