Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бокстан Азиада финалдары қашан және нешеде басталады?

2 қазан күні Жапонияның Айти және Нагоя қалаларындағы Азия ойындарында бокстан финалдық кездесулер өтеді.

Бокстан Азиада финалдары қашан және нешеде басталады?
instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшылар рингке нешеде шығады?

70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан иорданиялық Зеяд Ишаишпен кездеседі. Финалдық айқас 10:00-ге жоспарланған.

Ал аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен алтын жүлдені сарапқа салады. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек 14:30-да басталады.

Финалдық кездесулерді "Qazaqstan" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 09:00-де басталады.

Азиада-2026: бокстан барлық финалдың кестесі

  • 09:00 Әйелдер 51 кг У Юй (Қытай) – Нгуен Тхи Там (Вьетнам) 
  • 09:15 Әйелдер 60 кг Линь Юйтин (Тайвань) – Ян Чэнъюй (Қытай) 
  • 09:30 Әйелдер 75 кг Бао Цзыи (Қытай) – Ловлина Боргохаин (Үндістан)
  • 09:45 Ерлер 55 кг Карло Паалам (Филиппин) – Руи Ямагути (Жапония)
  • 10:00 Ерлер 70 кг Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Зеяд Ишаиш (Иордания)
  • 10:15 Ерлер 90 кг Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) – Хань Сюэчжэнь (Қытай)
  • 13:30 Әйелдер 54 кг Натнича Чонгпронгкланг (Таиланд) – Пан Чхоль Ми (Солтүстік Корея)
  • 13:45 Әйелдер 65 кг Чэнь Няньцинь (Тайвань) – Парвин (Үндістан) 
  • 14:00 Ерлер 60 кг Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Чан Дон Хван (Оңтүстік Корея)
  • 14:15 Ерлер 80 кг Анкуш (Үндістан) – Ким Мин Сон (Оңтүстік Корея)
  • 14:30 Ерлер 90 келіден жоғары Айбек Оралбай (Қазақстан) – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Азиада-2026 бағдарламасында ерлер алты, әйелдер бес салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Финалист саны бойынша Қытай көш бастап тұр: бұл елдің төрт боксшысы алтынға таласады. Өзбекстан мен Үндістан құрамаларынан үш боксшыдан шешуші кезеңге шыққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?