Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Халқым мені кешірмейді": Елдос Сметов әлем чемпионатына қатыспайды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов дзюдодан Бакуде өтетін әлем чемпионатына бармайтынын мәлімдеді.

"Халқым мені кешірмейді": Елдос Сметов әлем чемпионатына қатыспайды
instagram.com/kaz_judoteam/

Әлем чемпионатына неге бармайды?

Дзюдошының айтуынша, Азия ойындарынан кейін бірден Әзербайжанға ұшып, жаңа ортаға бейімделу және жарысқа дайындалу оңай емес. Сондықтан әлем чемпионатына жай ғана қатысу үшін баруды жөн көрмейді.

"Биыл қатыспаймын. Дайындалып үлгермейміз. Жаңа ғана белдесіп шықтым. Енді ол жаққа ұшып, қайта бейімделу – өте ауыр жұмыс. Жай ғана барып, белдесіп, қатысушы болып қайтсам, халқым мені кешірмейді. Сондықтан қазір бар назарымды алтын медальға бағыттап, мақсатты түрде дайындалуым керек", – деді Сметов.

Азиададағы үшінші медаль

Елдос Сметов бүгін Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 додасында күміс жүлдегер атанды. 60 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Хаято Кондоға 0:2 есебімен есе жіберді. Қарсыласы екі юко ұпайын еншіледі.

Бұл – Сметовтың Азия ойындарындағы үшінші медалі. Ол 2014 жылы жекелей сында алтын, командалық жарыста күміс жүлде алған еді.

Дзюдодан 39-шы әлем чемпионаты Әзербайжан астанасында 4–11 қазан аралығында өтеді. Осы жарыста Лос-Анджелестегі 2028 жылғы Олимпиадаға ресми іріктеу басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?