Сметов пен Әбужақынова Азиаданың күміс медалін алды
Қазақстандық дзюдошылар Жапониядағы жазғы Азия ойындарының финалында сүрінді.
Екі юко шешуші болды
Сметов алтын медаль үшін Хаято Кондомен белдесті. Жапониялық екі юко ұпайын еншілеп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша татами иесі Азия ойындарының чемпионы атанса, Сметов күміс жүлдені иеленді.
Елдос Сметов Олимпиада жүлделерінің толық жиынтығына ие. Ол Рио-2016 ойындарында күміс, Токио-2020 додасында қола, ал Париж-2024 Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған.
Сонымен қатар қазақстандық дзюдошы әлем және Азия чемпионы атанып, 2014 жылғы Азия ойындарында топ жарған.
Әбиба Әбужақынова да күміс жүлдегер атанды
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова финалда белдесті. Ол Хаято Кондоның қарындасы Мицуки Кондоға иппонмен жеңіліп, жарысты күміс медальмен аяқтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?