Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елдос Сметов Азиада финалына шығып, алтынға таласады

Қазақстандық дзюдошы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында финалға жолдама алды. 

Елдос Сметов Азиада финалына шығып, алтынға таласады
Спортты дамыту дирекциясы

Жартылай финалда қалай жеңді?

Елдос Сметов финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Ян Юнвэйден ваза-ари ұпайымен басым түсті. Осы жеңісінің арқасында қазақстандық дзюдошы алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Ал оның қарсыласы жарысты қола жүлде үшін өтетін белдесуде жалғастырады.

Финалға дейінгі жолы

Сметов бұған дейінгі екі кездесуін де жеңіспен аяқтаған. Алғашқы айналымда оңтүстіккореялық Ли Ха Римді ұтса, ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды жарыс жолынан шығарды.

Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 аясындағы дзюдодан жүлделі орындар үшін белдесулер бүгін сағат 13:00-ден кейін басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?