Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елдос Сметов алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Париж Олимпиадасының чемпионы Азия ойындарын жеңіспен бастады.

Елдос Сметов алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Olympic.kz

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошы алғашқы белдесуінде оңтүстік кореялық Харим Лимен кездесті.

Белдесу барысында Сметов қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Сметовтың ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48 және 52 келіге дейінгі және ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде Азия ойындарының жүлдегерлері анықталады.

Сметовтен бөлек қазақстандық дзюдошылар Меруерт Сәрсенова мен Ғұсман Қырғызбаев та Азиаданы сәтті бастады. Сәрсенова Лаос спортшысы Сендакимен белдесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

66 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Шри-Ланка дзюдошысы Каривасямды бірнеше секундта иппонмен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?