Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азиада-2026: Қазақстанның төрт боксшысы бүгін финал үшін жұдырықтасады

Бүған дейін ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай финалға жолдама алған еді. 

Азиада-2026: Қазақстанның төрт боксшысы бүгін финал үшін жұдырықтасады
NUR.KZ

Бүгін, 30 қыркүйекте, Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының төрт боксшысы жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді.

Финал жолдамасы үшін Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова, Махмұд Сабырхан және Төрехан Сабырхан рингке шығады.

Жекпе-жектер қашан басталады?

Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдық кездесулерінің кестесі:

  • 09:15 – Алуа Балқыбекова – Нгуен Тхи Там (Вьетнам);
  • 10:15 – Наталья Богданова – Ловлина Боргохаин (Үндістан);
  • 10:30 – Махмұд Сабырхан – Карло Паалам (Филиппин);
  • 11:00 – Төрехан Сабырхан – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан).

Барлық жекпе-жектің тікелей трансляциясын "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.

Айбек Оралбай финалға шықты

Қазақстан құрамасынан Азия ойындарының финалына бірінші болып Айбек Оралбай жолдама алды.

29 қыркүйекте +90 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол Үндістан өкілі Нарендерді төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?