Қазақстан бокстан алғашқы медалін иеленді
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Балқыбекова Вьетнам өкілі Нгуен Тхи Таммен кездесткен болатын.
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Балқыбекова Вьетнам өкілі Нгуен Тхи Таммен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті вьетнамдық боксшыға берді. Есеп – 5:0.
Осылайша, Нгуен Тхи Там финалға жолдама алса, Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл Қазақстан құрамасының Азия ойындары-2026 бокс турниріндегі ресми түрде иеленген алғашқы медалі болды.
Екі әлем чемпионы кездесті
Алуа Балқыбекова – 2025 жылғы World Boxing және IBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ екі дүркін Азия чемпионы.
Нгуен Тхи Там да құрлық біріншілігінде екі рет топ жарған. 2023 жылы ол әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген.