Шетелдік БАҚ Шавкат Рахмоновтың қазіргі бабына баға берді
Отандасымыз тізесіндегі жарақатына байланысты ұзақ уақыт жарыстарға қатыса алмаған еді.
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жаттығу жасап жатқан сәтінен жаңа видеосы жарияланды. Бұл бірден шетелдік БАҚ назарына ілігіп, файтердің ұзақ үзілістен кейінгі жағдайын талқылауға түрткі болды.
"Шавкат Рахмонов залға оралып, соққыларын пысықтап жүр. Байқалғандай, оның тізесінің жағдайы әлдеқайда жақсы. Ол 2027 жылы қайта оралады деп күтілуде", – деп жазды ресурс.
Осылайша, шетелдік парақша қазақстандық файтердің қалпына келу процесінде оң өзгеріс барын атап өтті. Алайда UFC-дегі нақты оралу күні әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Соңғы жекпе-жегі 2024 жылы өтті
Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсанында шыққан.
Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңді. Осы кездесуден кейін Рахмонов тізесіндегі жарақатына байланысты ұзақ уақыт жарыстарға қатыса алмады және бірнеше операциядан кейін оңалту кезеңінен өтті.