Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионына есе жіберді

Тартысты өткен кездесу 11:9 есебімен аяқталды. Осылайша, Демеу Жадраев жартылай финалға тікелей өте алмады.

Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионына есе жіберді
olympic.kz

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіліп қалды.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Жапония өкілі Нао Кусакамен белдесті.
Тартысты өткен кездесу 11:9 есебімен аяқталды. Осылайша, Демеу Жадраев жартылай финалға тікелей өте алмады.

Қола медальға әлі мүмкіндік бар

Жадыраевтың жарысты жалғастыруы енді Нао Кусаканың нәтижесіне байланысты.

Егер жапониялық балуан финалға шықса, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесулеріне қатысып, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Жадыраев пен Кусака бұған дейін 2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалында кездесті.

Сол белдесуде жапониялық спортшы 5:2 есебімен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ал Демеу Жадраев күміс жүлде иеленген болатын.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?