Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық теннисшілер Азиада финалы үшін сынға түсті

Юлия Путинцева мен Анна Данилина Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы жұптық сында қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық теннисшілер Азиада финалы үшін сынға түсті
коллаж penalty.kz

Жартылай финалда қазақстандық жұп Қытайлық Тайбэйден келген Се Шувэй және Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчтың екі сетінде де жеңімпаз тай-брейкте анықталды.

Алғашқы партияда Путинцева мен Данилина 6:7 (3:7) есебімен ұтылды. Екінші сетте де қарсыластары басым түсіп, қазақстандықтар 6:7 (5:7) есебімен есе жіберді. Осылайша Се Шувэй мен Лян Эньшо финалға жолдама алды. Ал қазақстандық теннисшілер жұптық сындағы жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Юлия Путинцева үшін бұл – биылғы Азия ойындарындағы екінші қола медаль. Бұған дейін әйелдер арасындағы жекелей сында да үшінші орынға ие болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?