Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Футболдан Өзбекстан құрамасы Азиада финалына шыға алмады

Өзбекстанның U23 құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының футбол турнирінде финалға шыға алмады.

Футболдан Өзбекстан құрамасы Азиада финалына шыға алмады
instagram.com/uzbekistanfa/

Өзбекстан есепті ерте ашты

Жартылай финалда алаң иелерімен кездескен өзбекстандықтар пенальти сериясында есе жіберді.

Кездесудің сегізінші минутында Сардорбек Бахромов гол соғып, командасын алға шығарды.

Өзбекстан құрамасы осы басымдығын матч соңына дейін сақтауға жақын болды. Дегенмен 88-минутта Сена Ишибаши Жапония құрамасының жауап голын соғып, есепті теңестірді.

Финал жолдамасы пенальтиде шешілді

Негізгі уақыт тең аяқталғаннан кейін командалар қосымша уақытта да жеңімпазды анықтай алмады. Пенальти сериясында жапониялық футболшылар мүлт кетпей, финалға жолдама алды. Осылайша Өзбекстан құрамасының алтын медаль үшін күресі жартылай финалда тоқтады.

Азиада-2026 футбол турнирінің шешуші матчында Жапония мен Оңтүстік Кореяның U23 құрамалары кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?