"Жетісуда" не болып жатыр? Клуб директоры екі аптадан бері жұмыста жоқ
Бұл туралы журналист әрі инсайдер Эльдар Аманбаев хабарлады.
Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубы басшылығына қатысты күтпеген ақпарат тарады. Журналист әрі инсайдер Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, клуб директоры Марк Гурман соңғы екі аптадан бері жұмыс орнында жоқ.
"Мендегі ақпарат бойынша, "Жетісу" клубының директоры Марк Гурман екінші апта қатарынан жұмыс орнында көрінбеген. Жақын арада функционердің облыс әкімдігі өкілдерімен сөйлесуі күтіледі", – деп жазды Эльдар Аманбаев.
Әзірге клуб басшылығы немесе жергілікті атқарушы органдар бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
"Жетісу" турнир кестесінің төменгі бөлігінде тұр
Биылғы Қазақстан Премьер-лигасында талдықорғандық команда үшін маусым сәтті өтіп жатқан жоқ.
"Жетісу" 22 матчтан кейін 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орында келеді. Команданың нәтижелері клубтың жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу жолындағы жағдайын күрделендіріп отыр.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.