ҚПЛ клубына трансферлік бан қаупі төніп тұр
Талдықорғанның "Жетісу" клубы трансферлік шектеулерге байланысты жаңа мәселеге тап болуы мүмкін.
AmanVIBE мәліметінше, тамыз айының басында ФИФА "Жетісуға" қатысты трансферлік шектеуді уақытша алып тастаған. Алайда клубтың қаржылық міндеттемелері әлі толық орындалмаған. Егер қарыз толық өтелмесе, клубқа қатаң санкциялар қолданылу қаупі бар.
Ақпаратқа сәйкес, "Жетісудың" 55 млн теңге көлеміндегі қарызды бүгін, 11 қыркүйекте жаппаса, негізгі сомаға қосымша 5000 еуро айыппұл қосылуы мүмкін.
Жағдай келесі аптада одан әрі күрделенуі ықтимал. Белгіленген төлем өтелмеген жағдайда клубқа тағы 10 мың еуро көлемінде қосымша қаржылық міндеттеме жүктеледі.
Егер барлық қарыз айдың соңына дейін толық өтелмесе, клуб бұдан да қатаң санкцияға ұшырауы мүмкін. Оның ішінде екі жылға дейін трансферлік бан қою ықтималдығы бар.
Талдықорғандық клуб биылғы Қазақстан Премьер-лигасында 24 ойын өткізіп, 22 ұпай жинаған. Қазіргі таңда команда турнир кестесінде 14-орында тұр.