Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Лига кубогының финалы 23 қарашада Түркістанда өтеді

Сарапшы, спорт журналисі
01.11.2024, 11:31

Финалдық матч «Жеңіс» пен «Астана» командалары арасында өтеді.

kazfootball.kz
Реклама
Реклама

«Жеңіс» пен «Астана» командалары арасындағы Лига Кубогының финалдық матчы 23 қарашада «Түркістан-Аренада» өтеді.

Лига Кубогы 25 мамырда Қазақстанның 16 клубының қатысуымен басталды. Алғашқы финалист — елордалық «Жеңіс» командасы болды. Клуб Қостанайдың «Тобылын» (2:0) және Қызылорданың «Қайсарын» (0:1) жеңіп, В тобының көшбасшысы атанды. Ақис Вавалистің шәкірттері жартылай финалда алматылық «Қайратпен» кездесіп, екі ойынның нәтижесі бойынша тең есеп (2:2) тіркелді, бірақ пенальти сериясында (3:2) елордалықтар жеңіске жетті.

Финалда үш дүркін Қазақстан чемпионына қарсы елдегі ең атақты клуб — «Астана» шығады. Григорий Бабаянның шәкірттері D тобының көшбасшысы атанып, Ақтаудың «Каспийін» (5:0) және Қарағандының «Шахтерін» (2:4) жеңді. Жартылай финалда елордалық клуб семейлік «Елімай» командасымен екі кездесу өткізгеннен кейін (екі ойын да 0:0), пенальти сериясында (3:1) жеңіске жетті.

Лига кубогының жеңімпазы 90 миллион теңге, ал финалда жеңілген команда 50 миллион теңге алады. Матч QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойынға билеттер жақын арада сатыла бастайды. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары