"Қызылжар" қарызға белшеден батқан. Тергеу басталды

Сарапшы, спорт журналисі
26.11.2024, 17:03

Клубтың миллиондаған берешегі бар. 

kazfootball.kz

Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубы бірнеше жыл бойы салық төлемеген. Сонымен қатар, тергеушілер бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған. Бұл туралы "Гол емес" Telegram-арнасы хабарлады. 

Қазір прокуратура осы бойынша іс жүргізуде. Клубтың бұрынғы басшысы мен қызметкерлеріне қатысты тергеу амалдары басталған. Олардың арасында "Қызылжарды" соңғы 10 жыл басқарған бұрынғы президент Григорий Лория бар. 

Реклама
Реклама