Интер Майами "Барселонаның" бұрынғы ойыншысын бас бапкер етіп тағайындады.
Америкалық Интер Майами клубы Хавьер Маскераноны бас бапкер етіп тағайындады. Аргентиналық маманмен келісімшарт 2027 жылғы маусым аяқталғанға дейін жалғасады.
Бұған дейін ол Аргентинаның U-20 құрамасын баптады.
Айта кетейік, 40 жастағы Маскерано ойыншы ретіндегі мансабында Ривер Плейт, Коринтианс, Вест Хэм, Ливерпуль, Барселона және қытайлық Хэбэй Чайна Форчун командалары сапында өнер көрсетті.
Каталондық клубпен 2 мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал Аргентина құрамасымен екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2014 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.