Қаржыландыру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізу жоспарланған.
Жаңа жылдан бастап «Жетісу» командасының аты өзгереді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, келер жылдан бастап талдықорғандық клубтың қаржыландыру жүйесінде үлкен өзгерістер болады. Бұл туралы aladop.kz хабарлады.
«Самат Смақовпен бірнеше рет кездестік. Құраманың талай жылғы капитаны. Жергілікті кадр, кәсіби маман. Алайда, оның бір команданы жеке басқару тұрғысынан тәжірибесі жоқ. Десе де, біз ақылдаса келіп, Самат Смақов Қайрат Нұрдәулетовтің орнын басып, клубтың бас бапкері болады деп шештік. Осыған дейін айтқанымдай 1-қаңтардан бастап «Жетісу» футбол клубы деген болмайды, біз оның жұмысын тоқтатамыз. Енді ол мемлекеттік тапсырыс, байқау арқылы күнін көретін болады», - деген еді Бейбіт Исабаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі команданың атауында өзгеріс болатынын да жеткізді. Бірақ онда міндетті түрде Жетісу сөзінің боларын да қоса кетті.