Transfermarkt порталы Түркия Суперлигасында ойнайтын қазақстандықтар Бахтиёр Зайнутдинов пен Абат Айымбетовтың трансферлік бағаларын жаңартты.
Қазір Бахтиёр Зайнутдиновтың бағасы €3,7 млн-ға тең. Бұл оның өткен бағасынан €300 мыңға кем. "Бешікташтың" жартылай қорғаушысы ыстамбұлдық клуб үшін биылғы маусымда 10 матч өткізді.
Ал Абат Айымбетовтың жаңа бағасы €500 мың, бұл оның бастапқы бағасынан 100 мыңға аз. Қазақстандық шабуылшы Түркия чемпионатында 11 матчқа қатысып үш рет мергендік танытты.