Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Англияда ойыншы-электрик матчты құтқарды

Редактор Penalty.kz
13.01.2025, 20:13

Электрик Лиам Смит 140 жылдық тарихы бар "Ситтингберн" командасына тұңғыш рет Футбол Қауымдастығы Трофейінің бесінші кезеңіне шығуына көмектесті. 

champion.com.ua
Реклама
Реклама

“Солсбериге” қарсы матчтың үзілісінде стадионның бір бөлігінде прожектор сөнді. Есеп ашылмаған ойын тоқтап қалу қаупі алдында болған. Бірақ “Ситтингберннің” 24 жастағы қорғаушысы Лиам Смит ештеңе болмағандай құрал-саймандарды пайдаланып, техникалық ақауды шұғыл жөндей алды. 

"Мен прожекторды ашқанда ажыратқыштарға бірдеңе болғанын байқадым. Оларды қайтадан қоюға тура келді. Бақытымызға орай, көптеген құрал қажет болмады. Жарық 15 минут ішінде пайда болды. Дене қыздырып аздап жаттықаннан кейін біз матчтың екінші жартысына дайын болдық", – деді ол. 

Ойын жалғасқаннан кейін Смиттің командасы екі рет гол соғып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Лиам командасына турнирліктен бөлек қаржылық жағынан да үлес қосты. “Ситтингберн” президентінің орынбасары Эндрю Маргерам 700 жанкүйер жиналған ойын өтпеген жағдайда клуб үшін айтарлықтай қаржылық соққы болатынын атап өтті.

“Ситтингберн” бесінші раундта осы бесінші лигадағы “Саутенд” ұжымымен кездеседі. Сырт алаңдағы матч 1 ақпанға жоспарланған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары