Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Англияда Кай Хаверцтің отбасына сес көрсеткен жасөспірім ұсталды

Редактор Penalty.kz
22.01.2025, 10:05

17 жастағы жеткіншектің мұндай әрекетіне футболшының пенальтиден мүлт кетуі себеп болған көрінеді. 

sport5.by
Реклама
Реклама

Англияда 17 жастағы жеткіншек Кай Хаверцтің отбасына сес көрсетті деген күдікпен ұсталды. Алдын ала ақпар бойынша жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына Англия кубогында "Арсенал" клубының "Манчестер Юнайтедтен" жеңілуі себеп болған. 

"Хаверц 11 метрлік айып добын орындау кезінде мүлт кетті. Дәл осы себеп футболшының жанұясын қорқытуға түрткі болуы мүмкін."

Естеріңізде болса, аталған турнирдің 1/32 финалында лондондық команда матч соңындағы пенальтиден "Қызыл сойқандарға" жеңіліп (1:1, пенальтиден 4:5), жарыс жолын аяқтаған еді. 

Аталған матчтан кейін ойыншының жүкті жары әлеуметтік желі арқылы өзіне әлдекімнің сес көрсеткенін хабарлаған болатын. Осыған байланысты жергілікті полиция тергеу амалдарын бастады. Кейін 17 жастағы күдікті ұсталды. Бірақ көп ұзамай тергеу аяқталғанға дейін кепілге босатылды. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары