Сречко Катанец Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.
Словениялық маман денсаулығына байланысты қызметін тастауға мәжбүр болды.
Қазір Азия аумағында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу науқанының үшінші раунды өтіп жатыр. Өзбекстан құрамасының мундиальге тікелей өтуіне мүмкіндігі жоғары бағаланып отыр.
Іріктеу кезеңінің үшінші раундында 18 ұлттық құрама алты командадан үш топқа бөлінген. Әр алтылықтан үздік шыққан екі ұжымнан әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.
Бірінші топта 16 ұпаймен Иран құрамасы көш бастап келеді. Олардың ізін соңғы ойында Солтүстік Кореядан басым түскен Өзбекстан 13 ұпаймен басып келеді.