Хосеп Гвардиола: Хусанов ағылшын тілін білмейді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.01.2025, 02:25

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусановқа қолдауға білдірді.

UzDaily.uz

Хусанов ағылшын Премьер-лигасының 23-турында "Манчестер Сити" сапында дебют жасады. Лондондық "Челсиге" қарсы матч 3:1 есебімен "қалалықтардың" жеңісімен аяқталды. Өзбек қорғаушысы ойынның алғашқы төрт минутында голға әкелген қателік жасап, ескерту қағазын алған болатын. 

"Ол ағылшынша сөйлемейді. Сондықтан біз әңгімелескен жоқпыз. Ол әлі өзін көрсетеді. Қателеспесем, командамен бір немесе екі жаттығуға қатысты-ау деймін. Әрине Чемпиондар Лигасында "Брюггеге" қарсы ойынды (29 қаңтарда өтеді) негізге ала отырып, жарақат алған Джон Стоунздың алаңға оралуын асықтырғым келмеді. Сол себепті Хусановты алғашқы минуттардан шығаруға тура келді.

Футболшылардың біртұтас болуы маңызды. Бәріміз пенде болғандықтан қателесеміз. Жанкүйерлер әркез жаңа ойыншыларға қолдау танытады. Ол әлі жас. Үйренері көп", — деді Гвардиола. 

20 жастағы Хусанов "Ситиге" 20 қаңтарда "Ланстан" ауысып келген. Ол франциялық клуб сапында биылғы маусымда барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Абдукодирдің "Манчестер Ситимен" еңбек келісімі 2029 жылдың жазына дейін есептелген.