Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Станислав Черчесовке қомақты өтемақы беріледі

Редактор Penalty.kz
27.01.2025, 19:47

Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері қызметінен кеткені үшін 500 мың еуро алады.

Sport24.ru
Реклама
Реклама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кеткені үшін өтемақы ретінде жарты миллион еуро алады. Бұл туралы sports.ru басылымы инсайдер Иван Карповқа сілтеме жасай отырып хабарлады. Яғни ресейлік маман 5 айлық жалақысын алады.

Егер Черчесов қысқа дейін жұмыс істегенде оның келісімшарты ұзартылуы мүмкін еді. 

Бүгін Қазақстанның футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовпен қош айтысқанын хабарлады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кететіні де белгілі болды. 

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, 1 ғана ұпай жинады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары