Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
31.01.2025, 20:10

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев алғашқы мәлімдеме жасады.

kff.kz

Қазақстандық маман 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтары алдында ұлттық құрамада қандай өзгерістер болатынын айтты. 

“Маған үлкен міндет жүктелді. Бұл мен үшін зор мәртебе. Ұлттық құрама 20 миллиондық қазақстандықтар үшін мақтаныш пен үміт болуы тиіс.    

Мақсат бір – ел намысын абыроймен қорғау. Ірі қалалардан бастап шалғай ауылдардағы жанкүйерлер бізге үміт артатыны түсінікті. Сондықтан әр ойынға футбол агрессиясымен шығып, мінез көрсету парыз. Екіншіден, құрамаға жастарды көптеп тартамыз. Қазір жас ойыншылардың жоғары ойын деңгейін көрсетіп жүр. Ондай мысалдар жетерлік. Біз оларды негізгі командаға алуда біраз кешігіп қалдық. Сондықтан қазір бізде екі стратегиялық міндет тұр. Бұл әр ойын алдында көзі жанып тұратын, алаңда тердің соңғы тамшысын қалдыруға дайын тұратын команда жасақтау.  

Қарсыластарымызды бәрі біледі. Уэльс – топтағы фавориттердің бірі. Бірақ біз олардан қорықпаймыз. Себебі олардың күші неде екенін біліп отырмыз. Лихтенштейнді максималды ұпай алатын қарсылас ретінде қарастырамыз. Стратегиялық тұрғыдан алғанда турнирдің бастапқы кезеңінде ұпай жинау керек. Біз жанкүйерлерімізге ұлтттар Лигасының матчтарында бақытты сәттерді көбірек сыйлауға тырысамыз. Жеңіліп жатсақ та, олардың ыстық қолдау білдіретініне сенімдіміз. Қазақстан құрамасы әр матчта соңына дейін күреседі”, - деді құрамаға жаңадан тағайындалған бас бапкер.