Тарихи жетістік! Роналду жаңа рекорд орнатты

Редактор Penalty.kz
31.01.2025, 22:29

Ол 700 матчта жеңіске жеткен тұңғыш футболшы. 

Vesti.kz

Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. 

Marca-ның хабарлауынша, "Әл-наср" шабуылшысы клубтық деңгейде 700 матчта жеңіске жеткен тұңғыш футболшы атанды. Испан басылымының есебіне сәйкес, Роналду "Спортинг" сапында 18 рет, "Реалда" 316, "Манчестер Юнайтедте" 214, "Ювентуста" 91 мәрте жеңіске жеткен. Ал "әл-Насрмен" бірге 66 матчта қарсыластан басым түскен. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, Роналду 1000 голдың авторы атануға да жақындап келеді. Жуырда ол "әл-Фатех" қақпасына бір гол соғып, мансабындағы 920-шы голды тойлады. Мақсатына жету үшін енді 80 гол қажет. 

Еске сала кетейік, Криштиану Роналду қазірдің өзінде футбол тарихындағы үздік сұрмерген саналады.